Қарттар арасында «Тоғызқұмалақ» турнирі басталды– ШҚО  

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 11:54 0

Бүгін өңір қарттары облыс орталығына жиналып, тоғызқұмалақ турниріне қатысып жатыр. Тоғыз ауданнан және облыс орталығынан жиналған 30-ға жуық тоғызқұмалақшы өзара мықтыны анықтайтын болады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Тоғызқұмалақ ойынына жиналған ойлы қарттардың мақсаты осындай жарыстар ұйымдастыру арқылы жастарға үлгі көрсету, жол сілтеу. Ойнай отырып сырласу, ойлай отырып жеңіске жету. 

– Бұл жарысты ұйымдастырудағы мақсат жастарғар үлгі-өнеге көрсету. Жастарымызға ұлттық құндылықты дәріптеп, өзімізге, ұлттық болмысымызға тән өнерді үйрету, үлгі ету. Себебі қазіргі жастардың тәрбиесі, ой-санасы басқа жаққа бұрылып барады. Біз ұлттық ойынымыз арқылы олардың ойын бұрсақ дейміз. Тоғызқұмалақ турнирі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Ойынға барлық ауданның және облыс орталығынң қарттары келіп қатысуда, – дейді облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Айтқазы Шерубаев.

Өскемен қаласында өтіп жатқан тоғызқұмалақ турниріне 9 аудан мен облыс орталығының 30-ға жуық қарттары қатысып жатыр. Олардың арасында облысты, республиканы бағындырған мықты ойыншылар да бар.

– Тоғызқұмалақ ойнап келе жатқаныма 30 жылдан асты. Бірнеше рет облыстық жарыстың және республикалық сайыстың жеңімпазы атандым. Тарихы терең тоғызқұмалақ ойынын жастарға көбірек дәріптеуіміз керек. Бұл ойын жастардың ойлау қабілетін дамытуға үлкен үлес қосады. Қарттардың арасында осындай жарыстардың болып тұрғаны бізді қуантады, – дейді ойынға қатысушы Аманжол Ережепұлы.

Сондай-ақ тоғызқұмалақ турнирінің басталу сәтінде Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ Федерациясының вице-президенті Болат Оспанов еліміздегі ұлттық ойының даму барысына тоқталып, ойынға қатысушыларға сәттілік тіледі.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив