Өскемендегі Комендантка көпірі жаңартылады

ЖАҢАЛЫҚТАР 15-04-2025, 10:16 0

Қаланың маңызды көлік тораптарының бірі — Комендантка көпірі жаңартылып, алты жолақты болады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Қазір бұл көпірде төрт жолақ ғана бар. Қос тараптан алты жолақты даңғылмен келген көліктер осы өткелде бәрібір кептеліске тап болатын. Сондықтан қала әкімідігі көпірді кеңейту туралы шешім қабылдады.

«Жоба шеңберінде тек жолды кеңейту ғана емес, инженерлік құрылымдарды жаңарту, қауіпсіздік деңгейін арттыру және жаяу жүргіншілер үшін жағдайды жақсарту жоспарланған. Қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған соң көлік қозғалысы анағұрлым біркелкі болып, жол жүру уақыты қысқарады», - деп мәлімдеді Өскемен әкімдігі.

Жол жұмыстары кезінде көпір толық жабылмайды. Жұмыс кезең-кезеңмен жүргізіледі де, көпірдің тек бір жолағы уақытша жабылады. 

Қазір жоба дайындық сатысында, техникалық құжаттамалар әзірленіп жатыр.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив