Зайсан ауданының Біржан ауылдық округіне қарасты Шұбарағаштағы өрт толықтай оқшауланды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Үдей соққан желдің кесірінен екі мың гектар жерді өрт шалып, қамыс пен құрғақ шөп күлге айналды. Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды, жағдай толық бақылауға алынды. Зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жауды ауыздықтауға еріктілер мен жергілікті атқарушы органдардан 200-ден астам адам, қажетті техника мен әуеден сөндіру үшін екі тікұшақ жұмылдырылды.