"Ұлы дала жорығы". ШҚО командасы жарыстан шығып қалды


ЖАҢАЛЫҚТАР / ӘР САЛА 22-05-2024, 10:42 0

21 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таңғы 7.00-де 15 команда Павлодар облысындағы Төртқұдық елді мекенінен Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекеніне аттанды.

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.

Жол қашықтығы 500 шақырым және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, үшінші кезеңнің мәресі Торғай елді-мекені маңында аяқталды.

Үшінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті.

Өкінішке қарай, үшінші кезеңде Шығыс-Қазақстан облысының командасы жарыстан шығып қалды.

Үшінші кезеңде Түркістан,Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Абай, Павлодар, Ақмола, Ұлытау облыстарынан екі аттан, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласынан бір-бір аттан жарысқа жарамсыз деп танылды. Алматы қаласы мен Жамбыл облысы бес атпен жарысқа шығады. Жалпы 22 мамырда 3-кезеңді 14 команда жалғастырады.

100 км:

  1. Жетісу облысы - 06:57:11
  2. Маңғыстау облысы - 07:30:48
  3. Алматы қаласы - 07:35:52
  4. Қостанай облысы - 08:18:54
  5. Жамбыл облысы - 08:24:30
  6. Астана қаласы - 08:35:16
  7. Қарағанды облысы - 09:24:28
  8. СҚО - 09:32:21
  9. Ақмола облысы - 09:53:57
  10. Түркістан облысы - 10:42:08
  11. Абай облысы - 10:45:39
  12. Ұлытау облысы - 11:14:30
  13. Павлодар облысы - 12:48:13
  14. «Рекорд» командасы.

300 км: ЖАЛПЫ НӘТИЖЕ

  1. Жетісу облысы - 19:41:06
  2. Маңғыстау облысы - 20:13:16
  3. Алматы қаласы - 20:31:38
  4. Жамбыл облысы - 21:44:47
  5. Қостанай облысы - 21:48:55
  6. Астана қаласы - 23:08:36
  7. Қарағанды облысы - 23:49:23
  8. Ақмола облысы - 24:21:23
  9. СҚО - 25:09:07
  10. Түркістан облысы - 26:26:44
  11. Абай облысы - 26:29:16
  12. Ұлытау облысы - 28:13:15
  13. Павлодар облысы - 28:59:26
  14. «Рекорд» командасы.

Жеңімпаздардың марапаты: Алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).

Сараптамалық қорытынды: Марафон жұмысына 2 халықаралық және 3 қазақстандық судья, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив