ШҚО-да орман өртін сөндіру станциясы жетіспейді – Үкімет отырысы

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 11:29 0

Шығыс Қазақстан облысында ормандағы өрт сөндіру станциялары жетіспейді. Бұл жөнінде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында айтты.

– Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында ормандағы өрт сөндіру станцияларының жетіспеушілігі байқалады. Ал оның жартысы өткен ғасырдың 50-60 жылдары салынған. Облыстардың жергілікті бюджеттеріне эмиссия үшін төлемдер түскенімен олар жаңа орман өрт сөндіру станцияларын салуға бағытталмаған, – деді Ерлан Нысанбаев.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, Шығыс Қазақстанда орман инспекторлары да тапшы.

– Былтырдан бері орман күзеті жеке құрамының жетіспеушілігі күрделі мәселе болып отыр. Шығыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында орман күзетiнiң штат санын нормативке дейiн жеткiзу мәселесi шешiлмеген, – деді ведомство басшысы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Зайсан ауданында қамыс өртеніп жатыр. Тілсіз жаумен күреске тікұшақ та жұмылдырылған. Алайда мамандар өртті тоқтата алмай жатыр.


 

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив