Өскеменде биыл не өзгереді?

ЖАҢАЛЫҚТАР 15-04-2025, 16:48 0

Биыл облыс орталығында ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Ертіс көпірінің астындағы аумақ абаттандырылып, демалыс аймақтары мен серуендейтін жолдар жасалады. Облыстық филармония ғимараты жанындағы сквер бұзылып, абаттандыруға негіз дайындалды. Шешек асу маңында рекреациялық аймақ құру жоспарда бар. Бұл жұмыс та басталып кетті.

Жеңіс даңғылы мен Сәтпаев көшесіндегі ғимараттардың қасбетіне көркем және декоративті жарық орнатылады. Сондай-ақ Қазақстан көшесі абаттандырылады.

Биыл қаладағы 16 аулада кешенді абаттандыру жүргізіледі. 15 балалар ойын алаңы мен 9 спорттық алаң жабдықталады.

Сонымен қатар Лихарев көшесінде, Защита шағын ауданындағы теміржол вокзалы маңында, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жанында, Меновное және Күленов кенттерінде жаңа демалыс аймақтарын жабдықтау туралы бастамалар көтеріліп жатыр.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив