8 қыркүйекте «TOUR DE OSKEMEN – 2024» әуесқойлар мен ардагерлер арасында велоспорттан жарыс өтеді. Осыған байланысты велоспортшылар жүретін кейбір жол учаскелері уақытша жабылады.
Бірінші топ сағат 10.00-де Тас карьерінен (ескі полиция бекеті) бастап, одан кейін «Алтай Альпісі» демалыс базасы – Северное – Ушанов – Шмелев лог – Қазақстан көшесі – Республика алаңы бағытымен жүреді.
Екінші топ сағат 14:00-де Тәуелсіздік монументі (Қазыбек би мен І. Есенберлин даңғылдарының қиылысы) – Есенберлин даңғылы – Ертіс көпірі – Пермитин көшесі – С.Нұрмағамбетов көшесі – Республика алаңы бағытында жолға шығады.