Өскемен – Таулы Үлбі – Северное тас жолы жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады.
«ОблШығысЖол» ЖШС мәліметінше, облыста апаттық су құбыры ауыстырылуына байланысты 20 және 21 қыркүйекте тас жолдың 31-ден 38 шақырымға дейінгі бөлігі «Алтай Альпі» демалыс орталығына дейін жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады.
– Біз жұмысты бір күнде аяқтауға тырысамыз, - дейді «ОблШығысЖол» компаниясының қызметкерлері.
Автокөлік жүргізушілері құрылыс жұмыстары аяқталғанша – Өскемен – Северное – Рахман қайнары тас жолы бойымен жүре алады.