Биыл С.Нұрмағамбетов пен Р.Қошқарбаевқа – 100 жыл


МАҢЫЗДЫ / ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 14:44 0

Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімі тәрбие бөлімінің аға офицері, капитан Сырым Ақтаев Сағадат Нұрмағанбетов және Рақымжан Қошқарбаевтың 100жылдығына орай №49 орта мектебінде ерлік сабағын өткізді, деп хабарлайды Didar aқпарат сайты.

Өскелең ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді, ұлтжандылық пен Отаншылдықты тарихтағы нар тұлғалардың өміріне, олардың ерлігіне саяхат жасау арқылы да оятуға болады. Есімдері ел тарихында мәңгі сақталатын, нағыз батыр тұлғалардың бірі – Сағадат Нұрмағанбетов пен Рақымжан Қошқарбаев.

Сағадат Нұрмағамбетов – Бірінші «Халық Қаһарманы» атағының иегері, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Қарулы күштердің құрылуы мен қалыптасуында аса маңызды рөл атқарған алғашқы армия генералы. Ал Рақымжан Қошқарбаев екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Рейстагқа КСРО туын тігіп, соғыстың соңғы нүктесін қойған Халық Қаһарманы, қазақ батыры.
 
Оқушылармен кездесуде қос батырдың Ұлы Отан соғысындағы ерліктері айтылып, Отанға деген сүйіспеншіліктің нағыз сипаттары көрсетілді.
– 25 мамыр күні Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл, 19 қазан күні Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады. Бұл батырларымыздың ерлігі Отанын қорғауда алдына жан салмайтын жас сарбаздар үшін ерең. Сондықтан біз оқушыларға батырлардың келбетін тарихи тұлғалар ретінде емес, әскери адам ретінде ашуға тырыстық, – деп атап өтті 27943 әскери бөлімі тәрбие бөлімінің аға офицері, капитан Сырым Ақтаев.
Оқушылар ерлік сабағына белсенді қатысты. Олар Отан қорғау шарттарына, Ұлы Отан соғысына байланысты білікті маманға өз сұрақтарын қойды.
 
Айта кету керек, Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімі Халық Қаһармандарының 100 жылдығына орай жыл көлемінде көптеген іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Биыл Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасы армиясының генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толды.


1. Биыл Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасы армиясының генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толды. Ол 1924 жылы 25 мамырда қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қосым ауылында туған.

2. Сағадат Нұрмағамбетов Ұлы Отан соғысында ерлігімен көзге түскен даңқты батыр. Ол 1942 жылдың шiлде айында 18 жаста кеңес әскер қатарына қабылданып, Түрікменстанда пулеметшiлер дайындайтын училищенi үздiк аяқтайды. Кейін взвод командирi ретiнде майдан шебiне аттанады. Кубань, Дон, Молдавия жерлерiнде, Одер, Шпрее өзендерiнiң бойында жан алысып, жан беріскен шайқастарға қатысады. Майданда Краснодар өлкесін, Украинаны, Молдованы, Беларусь пен Польшаны азат етуге қатысты. 

3. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең жоғары мемлекеттік марапат Кеңес одағының батыры атағы болатын. Соғыста көрсеткен батырлығы мен қаһармандығы үшін 1945 жылы 27 ақпанда небәрі 21 жасында Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес одағының батыры атағы берілді.  
4. 1946 жылдан 1949 жылдың қарашасына дейін М.И. Фрунзе атындағы Әскери академияда білім алды. Бұл туралы ол кадрлық есепке алу жөніндегі жеке парағында жазады. Аталмыш құжат ҚР Президенті Архивінің 708 қорында сақтауда.

5. Қазақстан тәуелсіздік алған шақта Сағадат Нұрмағамбетовтың жауынгерлік білімі мен тәжірибесі үшін ол елдің қорғанысына жауапты деп таңдалды.  Ол еліміздің Қарулы Күштерін сақтауға, қалыптастыруға және нығайтуға баға жетпес үлес қосты. 1991 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Сағадат Нұрмағамбетов Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 1992 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болады. Аталмыш құжат ҚР Президенті Архивінде сақтауда.

6. Сағадат Нұрмағамбетовтың әскери салаға қосқан өлшеусіз еңбегі бағаланып, 1994 жылы ол еліміздегі ең жоғарғы ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағын республикамызда бірінші болып алды. Аталмыш құжат ҚР Президенті Архивінде сақтауда.

7. С.Қ. Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві «Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов. Кеңес Одағының Батыры. Халық Қаһарманы. Мемлекет қайраткері» құжаттар жинағын дайындады. Жинаққа батырдың қызметтік және кәсіби қызметі туралы құжаттар, С.Қ. Нұрмағамбетовке жазған жолдастарының хаттары, басылымдарда жарияланған баяндамалар, естеліктер, мақалалар, сұхбаттар, естеліктер жарияланды.

8. 2013 жылы 11 қаңтарда Сағадат Нұрмағамбетов құжаттарын ҚР Президенті Архивіне тапсырып, сол уақыттан бері архивте армия генералының жеке тектік қоры қалыптасты. Қорда оның құжаттары, фотосуреттері, естеліктерінен тұратын 64 сақтау бірлігі бар.
9. Сағадат Нұрмағамбетов тек қана даңқты батыр ғана емес, шығармашылыққа жақын адам болған. Оның бірнеше естелік кітабы жарыққа шыққан. («Лицом к огню» (1984 ж.), «Надежный страж социалистических завоеваний» (1985 ж.), «Мой передний край» (1995 ж.), «А в памяти нет тишины» (1999 ж.), «От огненных лет до суровой армии» (2005 ж.).
10. 2024 жылғы сәуір айында «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» заңына өзгерістер енгізілді. Осы заңның негізінде «Айбын» орденінің үш дәрежесі қазақтың үш батырының атымен аталатын болды. «Айбын» орденінің I дәрежесіне қазақтан шыққан тұңғыш армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді.  Ал II дәрежесіне Бауыржан Момышұлының, III дәрежесіне Рахымжан Қошқарбаевтың есімі берілді.

2024 жылғы 10 мамырда Өскемен филиалының ЖДТ кафедрасында куратор Ш.Д. Енсибаеваның басшылығымен, Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының бұрынғы бірінші қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған «Сағадат Нұрмағамбетов: бірегей тұлға» атты кураторлық сағаты өтті.
 Нұрмағанбетов Сағадат Қожахметов 1924 жылы 25 мамырда Ақмола облысы Ақкөл ауданында дүниеге келген. Сағадат Нұрмағамбетов 1942 жылы шілдеде Ұлы Отан соғысына аттанды. Сол жылы алғаш рет Түрікменстандағы автоматшылар мектебінде оқыды. Осыдан кейін взвод командирі ретінде майданға қан құяды. 1-Белорус майданында, Солтүстік Кавказда, Украинада, Молдовада, Польшада, Германияда соғысты. 5-армияның автомат взводын, ротасын, жаяу әскер батальонын басқарды. Гитлердің канцлериясына шабуыл жасауға қатысты.
«Халық қаһарманы» Сағадат Нұрмағанбетов Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібін нығайтуға бар күш-жігерін салады.  Сағадат Нұрмағамбетов 2013 жылдың 24 қыркүйегінде 90 жасында қайтыс болды.  25 мамырда тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі Халық Қаһарманның, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толады Кураторлық сағатта интерн-дәрігерлер батырдың өмірбаянымен, оның ұмытылмас батырлығы, қазақ халқының дамуына қосқан үлесі туралы әңгімеледі.
Нұрмағамбетов Сағадат өз өмірін өлгенге дейін әскери істерге арнаған ұлт мақтанышы, ел жадында мәңгі сақталады.

Биыл Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанын 100 жыл. Егемендік алған жылдары қазақ армиясының еңсесін тіктеген тұлға туралы есті естеліктер көп. Қазір саланың басында батырдың шәкірттері жүр. Қатаң талап пен темірдей тәртіп. Бұл қасиеттің өзі байтақ далаға иелік ететін Тәуелсіз елді қорғау үшін аздық етуі мүмкін. Ал еншісін енді алып, егемен болған жас мемлекетті күзету тіпті қиын. Білегің мен білімің қатар шыңдалуы керек. Себебі алдыңда шекараны шегендеу міндеті тұр. Міне, дәл осы ауыр жүкті күллі қазақ Сағадат Нұрмағамбетовке сеніп тапсырды. Қарапайым сарбаздан генерал шеніне дейін жеткен тұлға сенімге селкеу түсірмей, қызметін абыроймен атқарып шықты. Тоқтар Әубәкіров, Халық қаһарманы: - Сағадат Нұрмағамбетовты күллі қазақ өз халқының батыры ретінде таниды. Ол – төменгі сатыдан өз күшімен көтерілген тұлға. Көп сөйлемейді, бірақ дөп сөйлейді. Жағдайдың қиын болғанына қарамастан ол біздің Қарулы Күштеріміздің негізін қалады. Оған ауыр қызмет тапсырылды. Бірақ еңсере алды. Әскерлердің әлеуметтік жағдайына көп назар аударды. Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы Ақмола облысында дүниеге келді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Беларусь, Солтүстік Кавказ, Украина, Польша майдандарында ұрысты. Тіпті Германияға дейін жеткен. 5-екпінді армияның атқыштар батальонын басқарып, Гитлер канцеляриясын шабуылдауға атсалысты. Осылайша, бар болғаны 20 жасында Кеңес Одағының батыры атанды. Қанды қақтығыстан кейін де Қорғаныс саласынан ұзамады. Кейін осы тәжірибесін халқының игілігіне жұмсады. Абай Тасболатов, генерал-лейтенант: - Оңай уақыт емес. Өмірде сол кісіні қойғанына ризашылығымызды тағы айтамыз. Неге десеңіз, біздің Қарулы Күштеріміз – сол бұрынғы Кеңес Одағының Қарулы күштері. Одан кейін бізге келгенде бытырап кете жаздады. Алдыңғы уақыттарында. Соны ұстап қалған, дамытқан, алға жүргізген Сағадат. Оны ұмытуға болмайды. Бүгінде Қарулы Күштер Сағадат салған сара жолмен жүріп келеді. Осы уақыт ішінде шекара шегендеулі, байтақ даланың әр бұрышы күзетулі. Қазір саланы батырдың шәкірттері басқарып жүр. Бақытжан Ертаев, генерал-лейтенант: - Тұңғыш рет Қазақстан Қарулы Күштері комитетінің төрағасы болғанын Германияда естідім. Сондай қуаныш алып келді маған, ертерек елге барсам екен. Ертерек сол кісімен амандассам екен деген арман ойға келді. Иә, Сағадат Қожахметұлы қызметте қатал боғанымен, айналасын жылуға бөледі. Марқұмның көзін көргендер: «қатардағы әр сарбазбен, қол астындағылармен етене араласатын», – деп еске алады. Міне, осы биік болмыс қазақ армиясын мызғымас берік қамалға айналдырды. Батыр 2013 жылы дүниеден озды. Қазір оның атында әскери құрлық институты, сержанттар корпусы мен республикалық әскери мектеп жұмыс істейді. Сондай-ақ І дәрежелі «Айбын» ордені енді Сағадат Нұрмағамбетовтың есімімен аталады.


Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысының Қырыққұдық жерінде дүниеге келген. Төрт жасында ол анасынан айырылды, ал 1937 жылы әкесі қуғын-сүргінге ұшырағаннан кейін тай тубин балалар үйі.
7-сыныпты балалар үйінде бітірген Рақымжан Қошқарбаев Балқаш маңындағы фабрика-зауыт шәкірттері мектебіне оқуға түсіп, онда жұмысшы қолөнерін ғана емес, әскери істің негіздерін де үйренді. Ол сонымен қатар мектеп оркестрінде өнер көрсетті, домбыра мен мандолин ойнады.
Екінші Дүниежүзілік соғыстың басталуымен Рақымжан Қошқарбаев алдыңғы қатарға шығуды сұрады, бірақ ол кезде ол небәрі 16 жаста еді. 1942 жылы ол атқыштар полкіне кірді Көкшетау, содан кейін эвакуацияланған Тамбов жалпы командалық жаяу әскер училищесіне жіберілді Бішкек. 1944 жылы Р.Қошқарбаев оқуын үздік бітіріп, майданға аттанып, Отанын қорғауда батылдық, жанқиярлық пен батылдық танытты. Соғыстың соңына қарай лейтенант Р.Қошқарбаев Кутузов дивизиясының 150-ші Идрицк-Берлин орденінің 1-ші атқыштар взводының командирі болды.
1945 жылы 30 сәуірде Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа басып кіріп, Жеңіс туын көтерді. Батырлығы үшін 1945 жылы Қызыл Ту орденімен, 1985 жылы 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды.
Соғыстан кейін Рақымжан Қошқарбаев Алматы қаласы Халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ол соғыс ардагерлері комитеті мен кеңестік-германдық достық қоғамының Қазақ бөлімшесі төралқасының мүшесі болды. Соғыстағы естеліктері туралы екі кітап жазды: «Жеңіс туы» және «Дауыл: 1410-шы күн» деректі повесі.
Қазақстанда өзінің аты аңызға айналған жерлесін құрметтейді және оның ұлы батырлығын еске алады. Оның есімі мектептер, көшелер мен елді мекендердің атауларында мәңгі қалады, оның құрметіне ескерткіш тақталар, ескерткіштер мен бюсттер орнатылды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Рақымжан Қошқарбаевқа еліміздің ең жоғары наградасы – «Халық Қаһарманы» берілді.
Биыл Рақымжан Қошқарбаевқа 100 жыл толар еді.

Рақымжан Қошқарбаевтың 4 жасында анасы дүниеден өтіп, әкесі жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагеріне айдалған. Осылайша 13 жасынан жетім қалған Қошқарбаев Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленеді. 7 жылдық мектепті бітірген соң ол Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне жіберіледі.
Соғыс басталғанда Рақымжан Қошқарбаев 16 жаста болады. Ол да ер-азаматтармен қатар майдан шебінде Отанын қорғауға атсалысуға сұранады. 1942 жылдың тамызында 18 жастағы бозбала Қазақстан және Орта Азия сарбаздарын әскери дайындықтан өткізген Көкшетау қаласындағы атқыштар полкі қатарына алынып, осы жерде 1943 жылдың жазына дейін болады. Одан соң Рақымжан Қошқарбаевты Фрунзеге эвакуацияланған Тамбов жалпыкомандалық жаяу әскер училищесіне оқуға жібереді. Тек 1944 жылдың қазанында кіші лейтенант Қошқарбаев училищені үздік тәмамдап, майдан шебіне қосылады.
Майдандағы өмір

1945 жылы 16 сәуірде Рақымжан Қошқарбаев бас болған шабуылдаушы взвод Одер өзенінің батыс жағалауындағы Гроенойндорф елді мекеніндегі жаудың бетін қайтарады. Осы судан ары кеңес әскерін өткізбей, немістер тоқтаусыз оқ жаудырып тұрған. Атылған оқтың астымен жорғалаған Қошқарбаев взводы немістердің тұрағының үстінен түсіп, бетпе-бет соғысады. 40 немісті қырып, үлкен калибрлі 3 пулеметті қолға түсіреді. Қызыл әскер ары қарай жылжиды. 1945 жылдың 29 сәуірінде Шпре өзені маңында қанды қырғын болады. Тағы да жауға Рақымжан Қошқарбаевтың взводы тойтарыс береді.
Осылайша Одерден басталған шайқас Рейхстагқа дейін жалғасады. Осы аралықта Рақымжан Қошқарбаевтың взводы 200 немістің көзін жойып, 184-ін қолға түсіреді. Майдан даласындағы жаудың 14 зеңбірегін, 27 үлкен калибрлі пулеметті, одан бөлек көптеген мылтық, оқ-дәрілерді тәркілейді. Осы үшін Рақымжан Қошқарбаевтың взводына "Бірінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы" ордені табыс етіледі.
Соғыстың соңына қарай лейтенант Рақымжан Қошқарбаев 150-ші атқыштар дивизиясының 647-ші атқыштар полкінің барлау взводының командирі болады. Осы кезде шапшаң әрі көзсіз батыр қазақ жігітінің есімі майдан шебінде аңыздай тарайды.
Рейхстагқа ту тіккен аңыз тұлға

Рахымжан Қошқарбаев 1945 жылдың сәуір айында Берлин түбіндегі соғыстың ең сұрапыл шайқасына қатысады. Батальон командирі Рейхстагқа ту тігуге аттанатын алғашқы топты басқаруды Қошқарбаевқа жүктейді. Бұл өліммен тең тапсырма еді.
Қарша борап тұрған оқ пен оттың ортасынан еңбектеп өткен екеу 300 метр жерде тұрған Рейхстагқа 7 сағат бойы жүріп барады. Ғимараттың қабырғасына Қызыл жалауды тігеді. Екеудің ерлігін сол күннің ертеңіне-ақ майдан газеттері жарыса жазып жатты. Бірақ пендешілікпен әділдіктен аттап кеткендер де болды. Сол кездегі солақай саясатқа байланысты "Жеңіс туын" тігу мәртебесі тек орыс және грузин ұлтына тиесілі болу керек еді. Сондықтан соғыстың қанды қырғыны бәсеңдеген сәтте Егоров пен Кантария Жеңіс туын ресми түрде Рейхстагтың төбесіне апарып қадады делінген.
Батыр өмірінің соңы
Соғыстан кейінгі жылдары Рақымжан Қошқарбаев Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды. 1947-67 жылдары Қошқарбаев Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармада инспектор, 1967 жылдан  бастап "Алматы" қонақ үйінің директоры болып жұмыс істеді.

Рақымжан Қошқарбаев Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1999 жылы мамырдың 7-сінде Н. Назарбаевтың Жарлығы бойынша Рақымжан Қошқарбаевқа "Халық Қаһарманы" атағы беріледі.
Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев 1988 жылы 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.
Рейхстагты алуда көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Рақымжан Қошқарбаевқа Нұр-Сұлтан қаласында ескерткіш орнатылды.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив