Туризм және спорт министрлігі XVII жазғы Паралимпиадаға қатысатын спортшылардың алғашқы легі Парижге аттанғаны туралы хабарлады.
– Волейболды отырып ойнау, пара үстел теннисі және пара жүзу құрамаларының спортшылары Францияға жол тартты, - деді туризм және спорт министрлігі.
Волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама Париж Паралимпиадасына 28 жылдан кейін алғаш рет қатыспақ. Ал пара үстел теннисінен Қазақстан құрамасы биыл алғаш рет Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды.
Пара жүзу спортшылары арасында Лондон-2012 Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали және халықаралық жарыстардың жүлдегерлері Сиязбек Дәлиев пен Амир Мұратбеков бар.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды. Париж төрінде өтетін көптеген күткен XVII жазғы Паралимпиада 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.