Самаурын дауы сотқа дейін барды


ЖАҢАЛЫҚТАР / АУДАНДАР / Басты 4-10-2024, 13:36 0

Самар ауданының тұрғыны танысына самаурын бере тұрған. Қалайы металлдан құйылған әжелерінен қалған отбасылық ескі жәдігерді алған адам уақытында қайтармайды. Тіпті соңында телефонын көтермей, қаша бастаған.

Берген адам ақыры сотқа жүгінуге мәжбір болады.

Самар аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, алған адам кінәсін мойындап отыр.

-Далада өткен жиын-тойлардың бірінде самаурын жоғалып кеткен. Жауапкер сот кезінде осы уақытқа дейін жоғалған затты іздеп, даладағы жиында болған адамдардан сұрастырып келгенін айтты. Бірақ ескі жәдігер табылмады, иесіне қайтарылмады, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот үстінде екі жақ мәмілеге келді. Алған адам жоғалған заттың иесіне көлемі де тура осындай, тура осы жылы шыққан самаурын тауып беруге міндеттелді.

Енді ол самаурын іздеуді ары қарай жалғастырады.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив