Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, қозғалтқыш көлемі елу текше сантиметрден аспайтын немесе электр қозғалтқышы бар және оның ең жоғарғы конструкторлық жылдамдығы сағатына елу шақырымнан аспайтын барлық мопед тіркеледі.
Енді мопедті басқару құқығы А1 кіші санатындағы жүргізуші куәлігімен расталады. А және В санаттарының болуы да осы құқықты растайды.
Сондай-ақ, заң бойынша барлық мопедтерді міндетті түрде мемлекеттік тіркеу енгізіледі. Бұған дейін максималды құрылымдық жылдамдығы 50 км/сағ-тан асатын мопедтер тіркелуге жататын.
Жаңа норма құжат жарияланғаннан кейін алты айдан кейін күшіне енеді.