TikTok Қазақстанда әлеуметтік желіні бұғаттау туралы сенатордың пікіріне жауап берді


ЖАҢАЛЫҚТАР 4-10-2024, 15:00 0

TikTok өкілдері Парламент Сенаты депутатының Қазақстанда әлеуметтік желіні бұғаттау туралы талабына жауап берді.

– Біріншіден, TikTok өшпенділікке негізделген әрекеттерге, сондай-ақ платформада зорлық-зомбылық пен өшпенділікті насихаттайтын жеке тұлғалардың немесе ұйымдардың болуына жол бермейді. Біз мұндай контентті алып тастаймыз, - деп хабарлады Қазақстандағы TikTok желісінің баспасөз қызметі.  

Сондай-ақ, компания өкілдері TikTok 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға арналмағаны атап өтті. 

– 13 жасқа толмаған балалардың TikTok желісін пайдалануына жол бермеу үшін бізде туған жылды көрсетуді талап ететін салалық стандартты тіркеу формасы бар. Біз модераторларды үнемі оқытып отырамыз және 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға тиесілі парақшаларды анықтайтын автоматтандырылған модерация технологиялары бар, - деді компания өкілдері.  

2024 жылдың қаңтар-тамыз аралығында TikTok Қазақстандағы 13 жасқа толмаған пайдаланушыларға тиесілі 1,2 миллионнан астам аккаунтты жойды. 

– "Отбасы параметрлерін" пайдалану арқылы ата-ана өзінің TikTok есептік жазбасын жасөспірімнің есептік жазбасымен байланыстыра алады және экран уақытының шектеулері және т.б. бірқатар маңызды параметрлерді бақылауға ала алады, - дейді желінің Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, 3 қазан күні сенат отырысында депутат Геннадий Шиповских Қазақстанда TikTok-ты бұғаттау керектігі жайында айтқан болатын. Ол қазірде Қырғызстанда, Францияда және Канадада танымал әлеуметтік желіге кіру мүмкіндігі шектеулі екенін атап өтті. 

– ТикТоктағы кейбір контент балалардың мінез-құлқына теріс әсер етіп, жалған идеалдар мен тәуелділікке әкелуі мүмкін. Осыған байланысты Қырғызстан бұл платформаға тыйым салып, балалардың психикасын қорғау шараларын қабылдады. Ұлттық қауіпсіздік – қазіргі заманның басты мәселелерінің бірі. Франция және басқа елдер TikTok-та ақпарат жинау әдістеріне күмән келтірді және бұл желіге шектеулер енгізді, өйткені жеке және мемлекеттік деректерді қорғау ұлттық қауіпсіздікке тікелей байланысты, - деді сенатор Геннадий Шиповских.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив