Президент ата-аналарды бала тәрбиесіне салғырт қарамауға шақырды


ЖАҢАЛЫҚТАР 3-10-2024, 16:30 0

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, оларды жан-жақты дамыту мемлекеттік саясаттың ең басты басымдығы болып қала беретінін жеткізді.  

Президент бақытты балалықтың негізі отбасы институты екеніне тоқталып, ата-аналарды тәрбие мәселесіне салғырт қарамауға шақырды. Әсіресе, ұрпақтың цифрлық дүниелерге тәуелді болуы мен виртуалды әлемге шектен тыс құмартуы нағыз дертке айналып бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, керісінше, оларға ел ішіндегі шынайы қаһармандарды насихаттау қажет екенін атап өтті. 

– Жақында өткен Дүниежүзілік олимпиададағы шахматшы қыздарымыздың жарқын жеңісі үлгі етуге тұрарлық. Біздің оқушылар математикадан, физикадан және басқа да пәндерден өткен олимпиадаларда жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүр. Осындай талантты балаларды қолдап, олардың ұстаздарын ынталандыру керек. Таяуда академик Асқар Жұмаділдаев осы турасында: «Біздің спортшылар Олимпиадаға барып, қарсыластарын төпелеп ұрып, танауын бұзып келеді. Кейін оларды әуежайда қарақұрым халық қарсы алып құттықтайды, тіпті пәтер мен көлік сыйлап жатады. Ал математика, физика, химия пәндерінен өткен халықаралық олимпиадаларда бірінші орын алған балаларымызға мұндай құрмет көрсетілмейді» деп орынды пікір білдірді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив