Өскеменде Понтон көпірінің бір бөлігіндегі көлік қозғалысы тоқтатылады


ЖАҢАЛЫҚТАР 4-10-2024, 10:30 0

Өскеменде жөндеу жұмыстарына байланысты Понтон көпіріндегі көлік қозғалысы бірнеше айға тоқтатылады. 

– Тоғас көшесіндегі көпір астындағы қысым коллекторын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Көпірдің бір бөлігі көлік қозғалысы үшін жабылады. Көпірдің екінші жартысы бойымен екі бағытта да көлік қозғалысы жүзеге асырылады. Жөндеу жұмыстары 7 қазанда басталып, 2024 жылдың желтоқсан айының ортасына дейін жалғасады, - делінген Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің хабарламасында.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив