Облыс орталығындағы мереке 29 тамызда өтеді. Қазір Астана көшесінің бойындағы жағалауда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Сонымен қатар балаларға арналған эко-ойын алаңдарын орнату аяқталуда. Субұрқақ та орнатылып қойған, жақында пайдалануға берілмек. Ағаш отырғызу жұмыстары күзде жүргізіледі.
— Жағалаудың ашылуына арналған шоу-бағдарламаға қала мен облыстың өнерпаздары қатысады. Мұнда тірі мүсіндер, айна-адамдар, дзюдодан, каратэден, фейер-шоудан шеберлік сабақтары, балаларға арналған бағдарлама болады. Сондай-ақ мерекелік суық отшашу жоспарлануда, - деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит.
Мереке 19:00-де басталады. Ұсынылатын дресс-код - теңіз стилі.