Өскеменде қала күніне орай қандай шаралар өтеді?


ЖАҢАЛЫҚТАР 16-08-2024, 10:57 0

Облыс орталығында қалыптасқан дәстүр бойынша Конституция күні мен Қала күнін мерекелеу бірнеше күн бұрын басталады.

24 тамыз, сенбі күні сағат 10:00-де Самал саябағында барша спорт сүйер қауым Tartyl Fest республикалық жарысының іріктеу кезеңіне қатыса алады. Сіз өзіңіз қатыса аласыз немесе жерлестеріңізге қолдау көрсете аласыз.

Кешкі сағат 17:00-де Мәдениет сарайының алдында ретро-фестиваль өтеді. Бұл шара қала тұрғындары үшін үшінші рет өткізілгелі отыр.

27 тамызда сағат 15:00-де амфитеатрда «Ұлы Дала батырлары» спорттық шарасы өтеді. Көрермендер Қазақстан және шетел спортшылары қатысатын ережесіз жекпе-жектің ұлттық нұсқасын тамашалайды.

Бұдан кейін сағат 17:00-де Астана көшесінің бойындағы жаңа жағалауда «Бірге туғандар» егіздер мен аналар шеруі өтеді.

Мұнда сағат 19:00-де OSKEMEN STARS қалалық караоке байқауының финалы өтеді.

28 тамызда сағат 18:00-де жаңа жағалауда WHITE PARTY интерактивті ойындар кеші өтеді.

30 тамызда негізгі шаралар Республика алаңында өтеді. Бұл – сағат 10:00-ден бастап өтетін қарбыз фестивалі және сағат 11:00-ден бастап өтетінКонституция күніне орай концерттік бағдарлама.

Кешкі сағат 19:00-де қазақ эстрадасы әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама басталып, 22:00-де барлық Өскемен тұрғындары үшін мерекелік салют атылады.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар