Өскеменде 30 ауланың жөндеу жұмыстары 30 тамызға дейін аяқталуы мүмкін


ЖАҢАЛЫҚТАР 16-08-2024, 13:00 0

сурет: yk-news.kz

Аулаларды абаттандыру «Халықтық қатысу бюджеті» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр. 

Қала әкімі Жақсылық Омар жұмыс сапары барысында әл-Фараби, Есенберлин даңғылдарындағы, Қабанбай батыр және Протозанов көшелеріндегі аулаларды аралап көрді. 

Аулаларды абаттандыру жұмыстар аяқталды, мамандар шағын сәулет пішіндерді орнатуға кірісті. 

Абаттандыру барысында көпқабатты үйлердің тұрғындарының тілектері ескерілді. І.Есенберлин даңғылы, 4 үйдің ауласында барлық шағын сәулет пішіндер жеке тапсырыс бойынша жасалған, ал Қабанбай батыр көшесі, 122 үйдің ауласында балалар алаңынан бөлек, Барнауылдан әкелінетін хоккей қорабы орнатылады. 

– Хоккей қорабына кепілдік - бес жыл, - деді «Hard Line» ЖШС директорының орынбасары Алексей Хрисаненков. 

Протозанов көшесі, 19, 21, 23 үйлердің тұрғындары жобаға өзгерістер енгізуді сұрайды. Олардың пікірінше, көше тренажерларын пайдалану ыңғайлы болуы үшін жерге қарай төменірек орнату керек. Алайда мердігер барлық жұмыстар бекітілген стандарттар бойынша жүргізілгенін түсіндірді. 

– Шағын сәулет пішіндерді орнатуды тездету керек. Қала күні адамдар мерекені сезініп, аулаларда шағын сәулет пішіндерді пайдалануы тиіс,   - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив