Өскеменде «Нұрлы жол» саябағы өзгертіледі


ЖАҢАЛЫҚТАР 7-08-2024, 15:19 0

Қазір Қаныш Сәтпаев даңғылындағыдемалыс аймағын қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Саябақ қасында жаңа ғимараттар, Шығыс Қазақстан облыстық драма театры орналасқан. Одан бөлек жаңа мектеп салынып жатыр, бірақ демалыс орнында адам көп емес. Сол себепті саябаққа келушілердің санын арттыру үшін саябаққа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Демалыс аймағын жаңарту жұмыстары басталып кетті. Алдағы уақытта орындықтар мен қоқыс жәшіктері ауыстырылып, шамдар орнатылады. Сонымен қатар саябаққа балалар ойын алаңдарын орнатуға қажетті заттардың барлығы әкелінді. «ARTGLOW» ЖШС мердігер ұйым өкілінің айтуынша, саябаққа алтыбақан да орнатылады. 

Нысанды Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар аралап қайтты. 

– Биыл біз демалыс орындарын: аллеяларды, скверлерді, саябақтарды, соның ішінде «Нұрлы жол» саябағын ретке келтіруге белсенді кірістік. Саябақтың аумағы төрт гектарға жуық, - деді Жақсылық Омар.

Жаңартылған демалыс аймағында ашық аспан астындағы фильмдер көрсету жоспарланып отыр. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив