2024 жылдың 14 тамызында Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздарымен кездеседі деп жоспарланған болатын. Бірақ шара кейінге шегерілді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Еске салайық, сол күні Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздары мен жаттықтырушылар құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойған.
- Өздеріңізге белгілі, 14 тамызда президент Қасым-Жомарт Кемелұлы олимпиада жеңімпаздарымен кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке қарай, спортшылар мен бапкерлердің жартысына COVID диагнозы қойылды, сондықтан кездесуді кейінге қалдыруға тура келді. Барлығына тезірек сауығып кетуін тілейміз, - деді Берік Уәли.
Кездесу міндетті түрде өтеді және тамыз айының соңына Ақордада жоспарланған.