Президент Тоқаев биыл да туған күнін тойлаудан бас тартты


ЖАҢАЛЫҚТАР / ӘР САЛА 17-05-2024, 10:41 0

Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мәлімдеуінше, Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл әдеттегідей жұмыс күні. Бұл күнді Президент жұмыс орнында өткізеді. Айтулы күнге қатысты ешқандай іс-шара өткізу жоспарланып отырған жоқ. Әкімдік қызметкерлерін құттықтаудан бас тартуға шақырғаны белгілі болды.

Еске салайық, Мемлекет басшысы бұған дейін де туған күніне қатысты осындай ұстанымда болған еді.

Бұл - Президенттің принципиалды ұстанымы. Оның отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін атап өту дәстүрі қабылданбаған, - деп түсіндірді Берік Уәли.

Биыл 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толып отыр.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив