Тынышпаев (Защита) көшесінде орналасқан спорт нысанын жөндеу жұмыстарымен «Art Glow» ЖШС айналысады. Қазір мердігерлер стендтерді орнатуға кіріскен.
Жұмыс барысын Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар тексерді.
- Біз стадионның негізі мен футбол алаңын толығымен жасанды жабынға ауыстырдық. Жарықтандыруды жаңартып, көрермендер үшін алаң жасаймыз. Сондай-ақ баскетбол алаңы болады. Қыста мұз айдынын ұйымдастырамыз, - деді әкім.
Мердігердің айтуынша, олар алғаш жұмысқа кіріскен кезде стадионның жағдайы нашар болған.
- Нысан 1950-1960 жылдары салынған, соңғы кездері қараусыз қалған, - дейді учаске бригадирі Медет Дүйсенов. - Аумақты адам бойындай арам шөп басып кеткен.
Айта кету керек, жергілікті балалар қазірдің өзінде стадионға футбол ойнауға келеді.