Комсомольский аралындағы футбол алаңында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге жұмысшылар алаңның қоршауын ғана жаңартты. Енді жабынды ауыстыру қажет. Жаңа жабын үгінді резеңкеден жасалады. «Design Pro» ЖШС мердігер ұйымының өкілі Медет Дүйсеновтің айтуынша, алдымен алаңға құм төсеп, содан кейін ғана жабын төселеді.
Нысанға Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар барып қайтты.
«Он екі жыл бойы мұнда ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Бұл ретте алаң жазда да, қыста да белсенді пайдаланылуда. Сондықтан жарықтандыруды да тексеруіміз керек. Алаң жарық болуы тиіс», - деді әкім.