Өскемендегі 21 ықшамауданда футбол алаңы салынып жатыр. Ол жерге қоршау орнатылып, жасанды көгал төселінді. Жұмысшыларға енді тек қақпа мен орындықтарды орнату ғана қалды.
Өскемен әкімі Жақсылық Омар жұмыс сапары барысында осы футбол алаңын келіп көрді.
- Басқа қалаларда болған оқыс оқиғалардың алдын алу үшін барлығын жақсылап орнату ету керек, - деді ол.
Мердігердің айтуынша, бұл учаскедегі жұмыстарды 18 шілдеге дейін аяқтау жоспарланған.
Айта кетейік, биыл Өскеменде барлығы 5 шағын футбол алаңы салынады деп жоспарланған.