ШҚО-да туризм ауылдардың жандануына ықпал етуде


ЖАҢАЛЫҚТАР 14-08-2024, 14:00 0

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық туризм барған сайын танымал болуда. Табиғат аясында демалғысы келетін адамдардың саны күн санап артып келеді. 

Ауыл адамдары табиғат байлығын қонақжайлылықпен ұштастырған. Соңғы жылдары ауылдарда жайлы қонақ үйлер жиі салынып жатыр. Олар туристерді қызықтыратын орынға айналып қана қоймай, жергілікті халық үшін жақсы табыс көзіне айналды. Шығыс Қазақстан облысында орналасқан ауылдардың ішінде туристер көбінесе  Коробиха, Поперечное және Зимовье ауылдарын жиі барады. 

Сонымен қатар ауылдарда туризмнен бөлек демалыс орталықтарының саны артуда. Мысалы, осы жазда Коробихада тағы бір «Лесная поляна» демалыс орталығы пайда болды. Жергілікті кәсіпкер Мерхат Байбулов ауылға келіп дем аламын деген адамдарға арнап екі жайлы қонақ үй салып берді. Қазір тағы біреуін салуға дайындық жүріп жатыр. 

– Бізде тарихы бай өте көркем өлке бар. Неге көрсетпеске?! Қонақтардың демалысын алдын ала ойластырамыз: орындықтар, монша, ауылдың тарихи-өлкетану мұражайына және оның маңайына экскурсиялар бар. Қыста қалың қарда жүріп-тұруға арналған автокөлікпен қарда жүруді ұйымдастыруды жоспарлап отырмын, ал келесі жаздан бастап демалыстарыма рафтинг пен квадроциклмен жүруді қосуды жоспарлап отырмын, - дейді Мерхат Байбулов. 

Мерхат Байбулов туризмнің ауылды жандардыратына сенімді.

Естеріңізге сала кетейік, жақын арада жергілікті тұрғындарға арналған демалыс орнында жаңа жұмыс орындары ашылады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив