Облыс әкімі Ермек Көшербаев Қытай Халық Республикасы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Алтай округінің басшысы Жеңіс Хадеспен кездесті.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы, көлік, логистика және туризм салаларындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен перспективалары талқыланды.
«Осылайша, трансшекаралық Ертіс өзені арқылы мультимодальды тасымалдауды ұйымдастыруға Майқапшағай – Зимұнай жаңа шекаралық теміржол өткелін салу ұсынылады. Өзен навигациясын дамыту Қытайды, Қазақстанды және Ресейді жаңа баламалы көлік байланыстарымен байланыстыруға мүмкіндік береді», - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы мен Алтай ауданы арасында тікелей әуе қатынасы ашылуы мүмкін.
«Кездесу барысында тараптар елдер арасындағы туризмді дамыту мәселелерін де талқылады. Ермек Көшербаев Қанас көлі – Марқакөл – Катонқарағай ауылы трансшекаралық туристік маршрутын дамытудың бірнеше нұсқасын айтты», - деп толықтырды баспасөз қызметі.
Шығыстың тұмса табиғаты әлемді тәнті ете алады. Мұзтауы мен Марқакөлі, Берелі мен Рахман бұлағы бар өлкенің туристік әлеуеті мықты. Тек соны тиімді пайдалану үшін инфрақұрылымды түбегейлі жаңартқан абзал. Өскеменде өткен Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысында осы мәселе сөз болды. Былтыр облысқа 370 мың турист келген. 12 миллиард теңге инвестиция бөлінді. Биыл туристік орындарға апаратын 120 шақырым жол жөнделмек. Қатонқарағайда әуежай салу да жоспарланған. Сенат депутаттары болса, «туризмді түрлендіріп, дамытудағы әр кедергінің себебін анықтап, тиісті ұсынымдар жасауға әзірміз», дейді. Әсіресе, қызмет көрсету сапасына қатысты мәселеге ерекше ден қоймақ. Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы: - Жолдардың сапасы, қызмет көрсету сапасы ойдағыдай болмай жатқаны рас. Соның бірі – жол бойында дәретханалардың да, асханалардың да көңілден шыға бермейді. Осы мәселелерді реттеу, жүйелеу дұрыстап, шешу мәселелері біздің назарымызда болады.
Катонқарағай ауданына келетін туристер саны жылдан жылға арта түсуде. Әрине, туристер үшін ең қызықты әрі тартымды орындардың бірі, ол Мұзтау тауы болып табылады. Алтайдың ең биік шыңы, таңғажайып жаратылысымен туристер мен альпинистерді қашанда өзіне тарта түседі. Сондай-ақ, ел ішінде Рахман қайнарлары туралы да аңыздар кездеседі. Ауданның тағы бір көрнекті жері – Берел қорғандары.
Аудан әкімі Ренат Құрмамбаевтың айтуынша, биыл пандемия жағдайында туристер саны екі есеге артқан. Оның пікірінше, мәселе таза ауада және экологиялық таза өнімдерде – адамдар ағзаны оңалту, өз денсаулығын жақсарту үшін Катонқарағайға барады.
Жалпы, туризм саласында ауданда демалушыларға Рахман қайнары шипажайы, 12 пантамен емдеу орны, 5 қонақ үй және қонақтарға арналған үлкен 12 үй-жай өз қызметтерін ұсынады.
Сонымен қатар, Бұқтырма су қоймасының жағалауында демалыс базасының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта үйлер, асхана толығымен салынды. Бассейннің құрылысы жүргізілуде. Бұл жобаны 2021 жылы іске қосу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Баян» сауықтыру кешенін кеңейту, Топқайың ауылында 60 орындық емдеу-сауықтыру кешенін, 100 орындық пантымен емдеу орталығын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Шығыс өңірінде ауыл туризміне ерекше көңіл бөлінеді. Осы бағытта маңызды жобалар қолға алынып, нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінде Коробиха, Зимовье, Поперечное секілді көрікті елді мекендердің тұрғындары саяхатшыларға қоналқы үйлерін жалға беріп, табыс табуда. Ауыл туризмінің түлеуі жаңа жұмыс орындарының құрылуына да жол ашады.
Жалпы, туризм саласы шағын және орта бизнестегі елуден астам қосалқы саланың дамуына ықпал етеді. Өткен жылы өңірдегі шағын және орта бизнес субъектілері шығаратын өнім көлемі 28 пайызға өсті. Осыған сәйкес бюджетке түсетін түсім де 34 пайызға артып отыр.
– Ауыл туризмі жергілікті тұрғындардың бастамасымен дамып келе жатқан сала деуге болады. Туристер үшін ең маңызды нәрсе – қонақжайлылық. Ауыл жұртшылығы осы қасиетімен туристерді тартып отыр, – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.
Дегенмен аймақ басшысы жол-көлік инфрақұрылымының сапасын жақсартпай туристік саланы дамыту мүмкін емес екенін атап өтті. Алдағы уақытта жол, автотұрақ және жол бойында орналасқан нысандардағы санитарлық тазалық мәселесі назарға алынады.
Шығыс өңірінде қазір Бұқтырма жағалауы, Сібе көлдері, Окуньки мен Шыбындыкөлде жағажай демалысын, Риддер қаласы мен «Алтай альпісінде» қысқы демалысты дамыту басымдыққа ие. Ішкі және сыртқы туризмді қатар дамытуға мүмкіндік мол. Өңір билігі аймақтың табиғи әлеуетін және климаттық ерекшеліктерін пайдалана отырып, инфрақұрылымды жақсартуды көздеп отыр.
Сонымен қатар қоғамдық тамақтану және қонақ үй бизнесінің жетекші кәсіпкерлерінің қатысуымен технологиялық колледж базасында қонақжайлылық негіздерін оқыту бағдарламасы әзірленді. «Қызылтас тауына хайкинг», «Бүркітшілер фестивалі» секілді іс-шаралар да туризм саласын ширатуға септігін тигізеді.
2025 жылға қарай Катонқарағай ауданында TORRE компаниясының құны 8,3 млрд теңгеге барабар бес жұлдызды қонақ үйі бой көтереді.
– Облыстың табиғи әлеуетін және оның климаттық ерекшеліктерін пайдалана отырып, біз инфрақұрылымды жақсарту үшін жұмыс істейміз. 2023 жылы туристік салаға 12 млрд теңге салынды. Өсім – 15 пайыз. Биыл 18 млрд теңгеден астам инвестиция салу жоспарланып отыр, – деді облыс әкімі