Көп ақша керек – кореялықтар ШҚО-да литийді қалай өндіргелі жатыр


ЖАҢАЛЫҚТАР 13-08-2024, 15:48 0

Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Шығыс Қазақстанда ірі литий кен орнын игеруді бастауға ниетті KIGAM корей компаниясымен келіссөз қалай жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл туралы Ұлыс медиа жазды.



▪️“2025 жыл демес едім”


Қанат Шарлапаевтың айтуынша, "базалық геологияға көп ақша салу керек".


– Бұл кен орнының қаншалықты үлкен екенін, оның пайда болу тереңдігін және ең бастысы, біз алуға тырысатын металдардың құрамын түсіну үшін керек, – деп түсіндірді ол.


Министр биологиялық, химиялық құрам негізінде корей серіктестер осы кен орнын игеру-игермеу жағынан шешім қабылдайтынын айтады.



daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив