Утилалым мәселесі: бірінші отырыс өтпей қалды. Неге?


ЖАҢАЛЫҚТАР 7-06-2024, 10:43 0

Кеше Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде утилалым мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтуі тиіс болатын. Алайда петиция авторлары оған қатысудан бас тартты. 

Өтініштің бастамашысы Санжар Боқаев жиынға қатыспауының себебін "министрлік ұялы телефон қолдануға тыйым салды" деп түсіндірді Instagram-парақшасында. Ол тікелей эфирге шығып, жиынды "халыққа көрсеткісі келгенін" айтады.

“Біз жұртшылыққа жиынды тікелей эфирде көрсету үшін телефондарымызбен кіреміз, өйткені біз халық мүддесін қорғаймыз. Біз жабық есіктің артында келіссөз жүргізгіміз келмейді, халық үшін келіссөз жүргіземіз”, - деді Боқаев.

Ал министрлік мән-жайды былайша түсіндірді. 

“Отырысқа қатысу үшін парламент депутаттары, өнеркәсіп вице-министрлері, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. Өңірлерден қоғам белсенділері келді. Алайда, біз жоспарланған іс-шараны тоқтатуға мәжбүр болдық, өйткені петицияның бастамашысы оған қатысудан бас тартты. Министрлік оған жұмыс тобының отырысы аяқталғаннан кейін бейнежазба ұсынады деген, бірақ келіспеді”,― деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Одан бөлек, министрлік жұмыс тобының отырысын өткізу үшін қажетті ұйымдастырылған шараларды әзірлеп, жұмыс отырысының түсірілімі және отырыстың хаттамасын қамтамасыз еткенін, алдағы уақытта конструктивті диалогты күтетіндерін атап өтті.

Ал петиция авторы Санжар Боқаев өтінішті қарайтын комиссия құрамына көңілі толмайтынын айтып, басқа сарапшылардың қатысуын талап етті.

“Комиссия құрамында тек автомобиль өнеркәсібінің өкілдері мен вице-министрлер бар. Онда Мәдениет вице-министрі не істеп жүр? Ұлттық экономика вице-министрі жоқ, бұл ұлттық экономиканың мәселесі”, - деді ол.

Сөз соңында саясаткер кәдеге жарату алымы бойынша бұрыс шешім қабылданса, референдумға қол жинап, үкімет отставкасын талап ететінін айтты.

“Егер егжей-тегжейлі талдау жүргізілмесе және халыққа қолайлы объективті шешім қабылданса, біз бұл мәселе бойынша референдумға қол жинауға кірісеміз және үкіметтің отставкаға кетуін талап етеміз”, - деді Боқаев.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив