Облыс әкімінің айтуынша, жұмысты жүргізген мердігер сенімсіздер қатарына қосылды. Енді ол жол жөндеу жұмыстарымен айналыспайтын болады.
- Ұлан ауданы, Таврия ауылы арқылы өтетін жол үш-ақ жылдың ішінде толық бұзылған, - деді Ермек Көшербаев Ұлан ауданына барған жұмыс сапарының қорытынды жиналысы кезінде. - Бірақ жақсы жаңалық та бар. Жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, енді алты сантиметр грунт пен екі қабат асфальт төселетін болады.
Сонымен қатар ауыл көшелерімен ауыр жүк көліктерінің жүруіне жол бермеу үшін айналма жол салу да жоспарда бар.