Таврияда ауылындағы спорт кешеніндегі құрылыс сапасын облыс әкімі сынға алды


ЖАҢАЛЫҚТАР 8-08-2024, 15:08 0

Өңір басшысы Ұлан ауданындағы жұмыс сапары барысында пайдалануға беруге дайындалып жатқан құрылыс алаңын аралап көрді.  

Таврия ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндегі құрылыс басталғалы бері біраз уақыт өтті. Бірақ жаңа нысан ашылғанға дейін «ескірген» қасбетінің бояуы оңып, әктері түскен. Кешеннің ішкі көрінісі де нашар. Желдеткіштер іштен шыққан, едендер тапталған лас, су жүйесінің құбырлары бекітілмеген бос. Шешінетін бөлмелердегі су тот басқан. Сондай-ақ терезелердегі қорғаныс торлары бекітілмеген. Тренажерлердің жағдайы мүлдем нашар. 

– Мұндай кемшіліктермен Таврия ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін пайдалануға беруге болмайды, өйткені бұл адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Құрылысты Бозанбайдағы спорт кешенін салған компания QazConstruction жүргізді, бұл компанияға сұрақ көп. Қазір  тиісті бөлім сот арқылы бұл мәселені шешіп жатыр,  - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 

Облыстағы құрылысы басталып аяқсыз қалған барлық нысандар жан-жақты тексерістен өтеді. Ал ауыл тұрғындары көптен күткен Таврия ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені  әзірге қанша ашылатыны белгісіз.   

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив