Облыста «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасып жатыр. 6 тамызда акция аясында Риддер қаласында – Журавлиха өзенінің жағалауында ауқымды сенбілік өтті.
Бүгін акцияға жүздеген адам: «Жасыл ел» еңбек жасағының жауынгерлері, Риддер қаласының әкімі, депутаттар, еріктілер, экологтар және басқа да қала тұрғындары қатысты.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы аясында Риддер қаласында 30-дан астам шара өткізіліп, он тоннадан астам қоқыс шығарылды. Акцияға Риддер қалалық ардагерлер кеңесі белсенді түрде қолдау көрсетті. Басқарма төрағасы Ольга Александровна Корытконың айтуынша, «Таза Қазақстан» акциясы тамаша идея. Мұндай шаралар қоғамға пайда әкеледі.
«Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары екінші ай бойы қаланы абаттандыруға өз үлестерін қосуда. Естеріңізге сала кетейік, акция Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 6 сәуірде бүкіл ел бойынша басталған. Сәуір айының басынан бері Шығыс Қазақстанда 204 саябақ пен сквер, 323 тарих және мәдениет ескерткіші мен 859 әлеуметтік нысанды тазарту жұмыстары жүргізілді. 6,8 мың су айдыны, 26 субұрқақ, 370 шақырым суару арықтары тазартылды. 82 мың шаруашылықтан 29 мың тонна қоқыс шығарылды. Облыстың елді мекендері мен орман алқаптарында 53 мыңнан астам жас ағаштар отырғызылды