85 қап қоқыс жиналды: ШҚО-да "Таза Қазақстан" акциясы жалғасуда


ЖАҢАЛЫҚТАР 30-07-2024, 14:31 0

Қала әкімдігінің хабарлауынша, кеше «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қаланың қоғамдық ұйымдары мен тұрғындары Аврора көшесінде сенбілік өткізіп, 85 қап қоқыс жинады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілішісі.


Қолғап пен қоқыс салатын қаптар алған жергілікті тұрғындар мен белсенділер жұмысқа құлшыныспен кірісті. Олар күш біріктіру арқылы аумақты қоқыстан тазартып қана қоймай, туған жерінде тазалық пен тәртіпті сақтау үшін бірлескен іс-қимылдың маңыздылығын көрсетті.


Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар экологиялық мәдениет пен табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға септігін тигізетінін айтып, барлық қатысушыларға шексіз алғыстарын білдірді.


«Таза Қазақстан» акциясы бірігудің маңызын білдіртіп, қаланы таза әрі көркейте алатынымыздың тамаша көрсеткішін де көрсетті.


Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде республика бойынша «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы басталған болатын. Мақсаты -тұрғындар арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттыру;қалалық мүлікке ұқыпты қарауға үйрету;қоғамдық орындардағы дөрекілік пен қоғамға жат теріс мінез-құлыққа тосқауыл қою;вандализмге қарсы қоғамдық сана тәрбиелеу. Игі бастама аясында қазақстандықтарды ынтымақ пен өзара көмекке үйрететін, жақсы қасиеттерді насихаттайтын қайырымдылық және мәдени іс-шаралар өтіп жатыр.


Акция еліміздің түкпір-түкпірін қамтыған жобаға айналды. Сыр өңірінен басталған жоба Шығыс Қазақстан облысымен жалғасын тапты. Бұл жай ұран емес, оның басты мақсаты – қоғамда экомәдениетті қалыптастыру. Шыны керек, экология – мәңгілік тақырып.


Акция облысымызда да жоғары деңгейде өткізіліп жатыр. Мәселен осыған дейін Опытное поле ауылында кезекті тазалық акциясы ұйымдастырылды. Ауыл іші қоқыстардан тазартылып, жасыл желектер егілді. Акция өңірдегі өзге де аудан-қалаларда тұрақты өткізіліп келеді.

Облыста «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жоғары тиімділігі үшін «Эко сақшы» жобасы басталды. Бірінші эко-тур Самар ауданында өтті, онда Самар ауданының ауылдық округтерінен тағайындалған экопатрульдерді оқыту бойынша семинар ұйымдастырылды. Соңында ауданның эко сақшылары және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының белсенділерінің, волонтерлерінің қатысуымен Бұқтырма су қоймасының жағасында сенбілік өткізілді.


Акия басталғалы Шығыс Қазақстан облысында 204 саябақ пен сквер, 323 тарихи-мәдени ескерткіш және 859 әлеуметтік нысан ретке келтірілді. 6,8 мың су нысаны, 26 субұрқақ, 348 км арық тазартылды. Елді мекендерде 29 мың тонна қоқыс шығарылды.


 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив