Биыл ШҚО-да 8 мыңнан астам бала 1 сыныпқа барады. Өтінім әлі қабылданып жатыр


ЖАҢАЛЫҚТАР 30-07-2024, 17:30 0

Биыл бірінші сыныпқа қабылдау туралы өтініштер 1 сәуірде бастап, 31 тамызға дейін қабылданады. 

Ата-аналар құжаттарды egov.kz электронды үкімет веб-порталы арқылы тапсыра алады. 

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, бүгінде оқу орындары 90%-ға қамтылған. 

– Облыс бойынша бізге 8551 өтініш қабылданды, оның 4502-сі облыс орталығында тұратын аталардан келіп түсті. Ата-аналар 31 тамызға дейін өтініш бере алады, бірақ біз мұны мүмкіндігінше ертерек тапсыруға кеңес береміз, - дейді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина. 

Қазақстанда биыл шамамен 370 мың бала бірінші сыныпқа барады. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив