Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында құжаттарды қабылдау басталды. Енді талапкерлер колледжге түсу үшін өтінішті eGov.kz порталы арқылы бере алады, деп хабарлады Білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Талапкер құжаттарды тапсырған кезде оқу тілі мен аймақты таңдай алады. eGov.kz порталында өтініш берушінің білімі, алған бағалары және оның сертификатының жалпы балы туралы ақпарат порталда автоматты түрде көрсетіледі. Сонымен қатар, жүйе I және II топтағы мүгедектер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар сияқты т. б. санаттағы талапкерлерге арнайы қарастырылған жеңілдіктер туралы қосымша ақпарат береді.
Әр талапкер төрт мамандық пен төрт колледжді таңдап, тек бірақ рет өтініш бере алады. Өтініш беруші «Білім» бөліміне өтіп, «Колледждер» санатын таңдағаннан кейін қажетті ақпараттарды толтырып, электрондық қолтаңба арқылы қызметке қол қоюы арқылы өтініш бере алады.
Бұл жоба Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен және А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» Ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ-ның қолдауымен іске қосылды.