Мұзтауда жүрген туристі тікұшақпен әкелді


ЖАҢАЛЫҚТАР 30-07-2024, 12:24 0

Катонқарағайдағы Мұзтау тауының етегінде серуендеп жүрген туристік топ құрамында 1973 жылғы әйел аяғын жарақаттап алып, өз бетінше таудан түсе алмай қалған.
Оқиға орнына дереу «Қазавиақұтқару» ТЖМ тікұшағымен апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен дәрігерлері ұшқан.
Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Өскемен қаласына жөнелтілді. Енді науқастың денсаулығын жедел медициналық жәрдем қызметкерлері қадағалайтын болады.
Естеріңізге сала кетейік, тура осындай оқиға 21 шілдеде де болған. Бір топ турист абайсызда аяғын жарақаттаған әйелдің жағдайына байланысты Риддер маңындағы туристік базаға жете алмай, құтқарушылардан көмек сұраған. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері зардап шегушіні жұмсақ зембілге салып, орманды және таулы жерлермен 45 шақырым көтеріп жүруге мәжбүр болған.
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив