21 шілдеде бір топ турист абайсызда аяғын жарақаттаған әйелдің жағдайына байланысты Риддер маңындағы туристік базаға жете алмай, құтқарушылардан көмек сұраған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері зардап шегушіні жұмсақ зембілге салып, орманды және таулы жерлермен 45 шақырым көтеріп жүруге мәжбүр болды.
- Құтқарушылар жарақаттанған әйелді Риддерге жеткізіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазір оның жағдайы жақсы, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.