«Агроға сенетіндер үшін» деген ұранмен «Дала күні» өткізілді


ЖАҢАЛЫҚТАР 29-07-2024, 16:49 0

25 шілде 2024 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Винное ауылында «Агроға сенетіндер үшін» деген ұранмен «Дала күні» өткізіледі. Мұнда Aitas Agro агрохолдингіне кіретін элиталық тұқым шаруашылығы - «Милейко» ЖШС орналасқан.
Бұл мерекенің негізгі тақырыбы - «Тұқым шаруашылығы мен цифрландыру».
«Біз, Aitas Agro, көбінесе заманауи сұрыптардың тұқымын қолданамыз, тұрақты нәтиже мен лайықты өнім аламыз. Сондықтан осы дала күнінде біз әлемнің түкпір-түкпірінен жинаған керемет генетика үлгілерін көрсетуді жөн көрдік. Мұнда өндірістік процесте пайдаланатын Францияда, Канадада тамаша нәтиже көрсеткен, бірақ Шығыс Қазақстан жағдайында әлі сыналмаған жаңа сорттар мен будандар да бар», - деді Aitas Agro өндіріс жөніндегі директоры Антон Шиленко.
Дала күні өтетін демонстрациялық алаңда барлығы 40 сорт пен будандар ұсынылған. Олар Франция, Германия, Канада, Чехия, Ресей, Украинадан әкелінген, бидай, күнбағыс, соя, астық сорго тұқымдары. Сондай-ақ өсімдіктерді қорғау құралдары мен тыңайтқыштарды қолдану тәжірибелері ұсынылған.
«Біз үшінші жыл қатарынан «Дала күнін» өткізіп келеміз. Бірақ биыл бұл шара халықаралық деңгейде өтуде. Біз ең алдымен, өз тәжірибемізбен және қолданатын технологияларымызбен бөлісу үшін Шығыс Қазақстандағы көршілес фермерлерімізді күтудеміз. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстаннан келген фермерлер мен агрохолдингтерді және әлемнің түкпір-түкпірінен серіктестерімізді күтеміз», - деді Aitas Agro бас директоры Талғат Алдажаров.
Aitas Agro холдингі цифрлық шешімдерді енгізудегі озық тәжірибесімен танымал. Дала күні көптеген жаңалықтар таныстырылады - бұл өсімдіктердің фотосуреттерін белгіленген интервалдарда түсіретін және өсімдіктердің даму тарихын бақылауға мүмкіндік беретін сенсор және егістіктегі жәндіктердің санын және түрін анықтайтын тұзақ. Бұл құралдар агрономдарға өсімдіктердің дамуындағы сындарлы сәттерді анықтауға және өнімділікті жоғалтпау үшін уақытында әрекет етуге көмектеседі.
Биыл Aitas Agro күнбағыс будандарын өндірумен айналысуда. Ата-ана өсімдіктерін жақсы тозаңдандыру үшін кәсіпорынның агрономдары Голландиядан шыққан жеңіл мобильді ұяларда шоғырланған тозаңдандырғыш бал арасын сатып алуды ұйғарды. Бұл еңбекқорлар да Дала күнінде таныстырылады.
Мереке қызықты әрі танымды болады деп уәде етілуде.

Естеріңізге сала кетейік, мүндай шара Жетісу облысында да өткен. Ол жиында да н
елдің әр аймағынан жиналған ауыл шаруашылығы мамандары тұқым сортын даярлау мен оны жерсіндіру және сынақтан өткі­зу төңірегіндегі ойларымен бөлісті. Егістік басына жи­нал­­ған қауым отандық және шетел селекциясының дәнді, дәнді бұршақ, майлы мал азығы дақыл­дарының селекциялық жетістіктері мен «Limagrain europe» ЖШС, «ABUS qroup» ЖШС сияқты елдің тұ­қым шаруа­­­шылығында жұмыс істей­тін компания өкілдерінің та­ныс­тыруымен селекциялық және сорт сынау бағытында пайдаланылатын ауыл шаруа­шы­лығы техникаларының, зерт­ха­налық жабдықтардың заманауи үлгілерін тамашалап, елдің тұқым шаруашылығы саласында жұмыс істейтін фирмалардың тұсаукесер таныстырылымдарына куә болды.
Ауыл шаруашылығы ми­нис­трлігі «Ауыл шаруашы­лы­­ғы дақылдарының сорт сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ-нің төрағасы Талғат Ажғалиев елдегі сорт сынау сала­сы­ның тарихы 1937 жылдан бастау алатынын, бү­гін­де Жетісу жерінде 6 сорт сы­нау орталығы жұмыс іс­тей­ті­нін, ал Сарқан сорт сынау ор­та­лығында қант қы­зыл­шасы, бидай, майбұршақ, жүгері, картоп, күнбағыс, басқа да ауыл шаруа­шылығы дақылдары сы­нақ­­тан өтетінін әрі үлгілі шаруа­­шылық болып табылатынын жеткізді. Орталықта әсіресе қант қызылшасы, майбұршақ, күн­­бағыс, жүгері, арпа, бидай, көп­жылдық шөптерге ба­сым­дық бері­летіні айтылды. Сарқан МСУ жетекшісі Тамара Иващенко жиналғандарды ал­қап­та өсіп, өңірде егілетін дәнді дақыл түр­ле­рімен таныс­ты­рып, сараптама жүргізді.
Іс-шараның ресми бөлімінде Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік департаментінің тұқым шаруашылығы және сорт сынау басқармасының басшысы Айман Телегенованың, Жетісу облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаевтың, «ABUS qroup» ЖШС бас директоры Қуаныш Әбдірахмановтың, рес­публикалық зертхананың басшысы Айжан Жұмаханованың, «Қа­зақ егіншілік және өсімдік шар­уашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-ның дәнді да­қыл­дар зертханасының мең­герушісі Бақыт Айнебе­ко­ва­ның, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылы­ми зерттеу инс­титуты» ЖШС-ның майлы дақылдар зерт­ханасының мең­герушісі Светлана Дидо­рен­коның, «Майлы дақыл­дар тәжірибе шаруа­шы­лы­ғы» ЖШС директорының ғы­лым жөніндегі орынбасары Ләйла Абытаеваның, «Әлем Агро Холдинг» ЖШС тұқым бизнесін дамыту менеджері Еділ Кал­ман­бетовтың баяндамалары тың­дал­ды.
Жиын соңында қажырлы ең­бе­­гімен дараланғандарға Қа­зақ­­стан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы дақыл­да­ры­ның сорт сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ төсбелгілері салтанатты түрде табысталды.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив