“Ортан терек” оқиғасы. Өскеменнің тұрғынына әдепсіз ишараты үшін айыппұл салынды


ЖАҢАЛЫҚТАР 16-05-2024, 14:33 0

29 сәуір күні Өскемен қаласының тұрғыны қоғамдық орында, нақтырақ айтсақ жаяу жүргіншілер өткелінде жолдағыларға саусағымен әдепсіз ишарат көрсеткен.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілген заң бойынша, жеке адамдардың тыныштығын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініп, соттан айыппұл салуды сұрады. Айтуынша, ресми түрде жұмыс істегендіктен, қамауға алынса жұмысын айырылуы мүмкін екен.

Соттың 2024 жылғы 30 сәуірдегі қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, оған 73 840 сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив