“Лада” мінгендер кінәлі. Өскемендегі жол апатына ең көп түсетін көліктердің статистикасы


Басты / ЖАҢАЛЫҚТАР / МАҢЫЗДЫ 14-05-2024, 11:48 0

Соңғы төрт айда қаламызда 1507 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл назар аударуды және дереу әрекет етуді қажет ететін цифрлар. 

Статистика көрсеткендей, қаладағы жол-көлік оқиғаларына себепкер жүргізушілердің көпшілігі «Лада» мінгендер – 258 факті және «Тойота» көлігінің жүргізушілері – 239 факт. 

Тағы бір ескеретін дүние -  жол-көлік оқиғаларының үштен бір бөлігін (452) 29 жасқа толмаған жүргізушілер жасаған. 


Осыған орай, қалалық прокуратура өкілдері «Лада» жүргізушілерінің басын біріктіретін  автоклубтарда кездесу ұйымдастырды.

Қалалық прокуратура барлық жүргізушілерді көлік жүргізуге жауапкершілікпен қарауға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив