Енді өмір бойы рульге отырмайды. Өскемен тұрғыны 6 айға сотталды


ЖАҢАЛЫҚТАР 14-05-2024, 11:24 0

№ 2 сотта автокөлік жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың баспасөз қызметі қала тұрғынының 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғанымен, ВАЗ 2114 көлігінің тізгініне отырып, досына барғанын хабарлады. Бұл ретте құқық бұзушы мас күйінде болған.
Жолда полиция оны жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан.

«Қылмыскерді түзеу және қоғамды осындай құқық бұзушылықтардан қорғау үшін сот айыпталушыны алты айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды», — деп толықтырды сот. «Сонымен қатар, ер адам өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылады».

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив