Риддер қаласының тұрғыны шелекке салып «шөп» өсірген


ЖАҢАЛЫҚТАР / АУДАНДАР 15-05-2024, 15:04 0

Риддер қаласының тұрғыны 2023 жылдың қараша айында белгілі бір сайт арқылы  қарасора тұқымын сату, сорттау және баптау ережелерімен танысқан.
Сол жерден тапсырыспен алған тұқымды өз саяжайында шелектерге отырғызып өсірген. 

Ішкі істер органдары «бағбанды» бірден құрықтады. Оған ҚК 296-бабының 2-бөлігі және 300-бабының 1-бөлігі (өсіруге тыйым салынған қарасора сорттарын егу және өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сот барысында айыпталушы  кінәсын толық мойындады және бас бостандығы бір жылға шектелді.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив