Риддерде 10 күннің ішінде 30 миллионнан артық ақша ұрлаған банк қызметкері сотталды


ЖАҢАЛЫҚТАР 16-05-2024, 12:10 0

Риддер қалалық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында (басқаның мүлкін иемденіп алу немесе аса ірі мөлшерде ұрлау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп айыпталған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Ол банктің кассалық операциялар бөлімінің бастығы және ақша мен маңызды құжаттарды сақтау тәртібіне жауапты тұлға болып жұмыс атқарған. 2023 жылдың 11 желтоқсаны мен 20 желтоқсаны аралығында 31 900 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты ұрлап,күн сайын 2,5 миллионнан 5 миллионға дейін ақша жымқырған.

Сот отырысында айыпталушы  өз кінәсін толық мойындамай, тек банктен 2 миллионнан теңгеге жуық ақшаны ұрлағанын ғана  жеткізді. Әйелдің кінәсі: анықталған жетіспеушілік туралы акт, қолма-қол ақшаны тексеру актісі, куәгердің айғақтары, сейф бөлмесінен алынған бейнежазбалар және басқа да дәлелдемелермен расталды. 

Сот әйелді айыпты деп танып, 7 жыл  мерзімге банк қызметімен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан және 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар,  31 900 000 теңге шығын банкке  қайтарылды. 

Бірақ, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Іңкәр Төлегенқызы 

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив