17 жастағы спортшы әлемдік рекорд орнатты


ЖАҢАЛЫҚТАР 25-07-2024, 13:05 0

sportplustv.kz

Тайбэйде өткен сурдо-жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында  Фаина Мейірманова жеңімпаз атанды. 

17 жастағы Фаина 1 метр 76 сантиметрбиіктікті еңсеріп биіктіктен секіруден жас сурдо спортшылар арасында әлемдік рекорд орнатты. 

Фаина Мейірманова Өскеменде дүниеге келген. Фаина алты жылдан бері жеңіл атлетикамен айналысады. Ол есту қабілеті нашар болғанына қарамастан жеңіл атлетикадан өткен түрлі чемпионаттарға қатысып жүлделі орындарға ие болған. 

Фаина бұған дейін Дубайда өткен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив