Бүгінде облыс экономикасындағы туризмнің үлесі 2-3 пайыз шамасында ғана. Облыстың жоғары туристік әлеуетін ескере отырып, бұл саланы даму салаларының біріне айналдыру жоспарланып отыр. Статистика көрсеткендей, Шығыс Қазақстанға келушілердің қызығушылығы жыл сайын артып келеді.
«Ағымдағы жылдың басынан бері отандық туристер саны 22,4 пайызға, орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 84,7 пайызға, инвестиция көлемі 10,2 пайызға өсті», - деп атап өтті облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Динара Жұманова.
Оның айтуынша, биыл облыстың туризм саласына 18 миллиард теңге инвестиция құйылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі бөлінген қаржының не үшін жұмсалғанын сұрады. Алайда бұл сұраққа ешкім жауап бере алмады.
«18 миллиард теңге қайда кетіп жатыр? Шынымен олардан санитарлық-гигиеналық пункттер орнатуға қаражат табу мүмкін емес пе? Демалыс күндері бір ғана Алтай өңіріне 22 мың көлік қатынайды. Бара жатқан жолда олар бір жерде тоқтауы керек ғой», - деді аймақ басшысы.
Ермек Көшербаев қала мен аудан әкімдері қаржылық құрамдас бөлікті жан-жақты зерттеп, қанша және не үшін жұмсалып жатқанын нақты түсінуі қажеттігін баса айтты.