Шығыс Қазақстан облысында мектепке дейінгі мекемелерде 2-3 жас аралығындағы балалардың кезектегі саны артқан. Ресми мәлімет бойынша, 1 шілдедегі жағдай бойынша кезекте 2104 бала тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 202-ге артық. Бұл ретте жалпы басымдықтың 75,7 пайызы Өскемен қаласына тиесілі. Облыста үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды 100% және екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды 98,7% қамту үшін мектепке дейінгі мекемелерде жаңа орындар ашылып жатыр.
Облыс әкімдігінің отырысында ШҚО-ның экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Динара Жұманова жыл басынан бері 380 жаңа орын ашылғанын айтты. Бұл Өскеменде 240 орындық балабақшаның ашылу себебінен, сондай-ақ облыс орталығы мен Ұлан ауданындағы жұмыс істеп тұрған балабақшаларда қосымша 140 орынның ашылуының арқасында пайда болды дейді ол.
Биылғы жылдың соңына дейін облыс бойынша Өскемен қаласында 475 орындық үш жекеменшік балабақшаны ашу есебінен тағы 1593 жаңа орын ашылады. Зайсан және Күршім аудандарындағы 220 орындық екі балабақшаның ғимараттарын сенімгерлік басқаруға беру де жоспарланып отыр.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев кезектің артуына жол бермеуге болатынын баса айтты. Өткенде облыстық ішкі істер департаменті өз аумағында орналасқан бір ғимаратты мектепке дейінгі мекемеге айырбастау туралы ұсыныс жасаған болатын. Бүгінгі күні мәселе әлі шешілген жоқ.
«Бұл бірден жасалуы мүмкін емес пе еді? Балабақшаларды жөндеуге қаражат табамыз. Талап етпесең, жұмыс істемесең, әрине кезек пайда болады», - деп түйіндеді сөзін Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
Тиісті мамандарға мәселені зерттеу, анықтау тапсырылды. Жалпы, облыста типтік ғимараттарды балабақшаларға қайтару жұмыстары жалғасады.