ШҚО Ветеринария басқармасына жаңа басшы тағайындалды


ЖАҢАЛЫҚТАР 25-07-2024, 10:55 0

Аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың бұйрығымен ШҚО Ветеринария басқармасының басшысы қызметіне Сағындықов Рамиль Нығметжанұлы тағайындалды.

Рамиль Нығметжанұлы 1967 жылы Семей облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында туған. 1991 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын, 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін аяқтаған.

Еңбек жолын Көкпекті ауданы Үлкенбөкен ауылындағы «Шегелек» кеңшарының №3 фермасының жұмысшысы болып бастаған.

1991-1994 жылдары «Шегелек» кеңшарының №3 фермасының мал дәрігері, кейін меңгерушісі.

1995-1998 жылдары «Шегелек» АҚ бас мал дәрігері.

1998-2000 жылдары директордың орынбасары, ал 2000-2010 жылдары «Шегелек LTD» ЖШС директоры.

2010-2011 жылдары Үлкенбөкен селолық округінің әкімі.

2011 жылдың тамызынан Көкпекті ауданы әкімі.

2015 – 2018 жылдары Көкпекті ауданының әкімі міндетін атқарған.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив