Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Ол бұған дейін Қазақстанның Ресейдің Астрахан облысындағы бұрынғы бас консулы Ардақ Еділұлы Мәдиев.
Ардақ Еділұлы 1969 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін және ҚР Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын тәмамдаған.
Әр жылдарда ҚР сыртқы істер министрлігінде, премьер-министр Кеңсесінде сектор меңгерушісі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде аппарат меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Мамыр айының соңында Ардақ Мәдиев Ресей Федерациясының Астрахань облысындағы дипломатиялық миссиясын аяқтаған болатын.