“Казцинктің” бас директоры қызметіне Жанат Жанботин тағайындалды


ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты 17-05-2024, 15:58 0

«Қазцинк» тау-кен металлургия кәсіпорнының жаңа басшысы болып Жанат Жанботин тағайындалды. Бұған дейін ол қаржы жөніндегі атқарушы директор қызметін атқарған.

Ол 1980 жылы туған. 2001 жылы «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Евразия мемлекеттік университетін тәмамдап, қызметтік өсу жолын 2002 жылы банк саласынан бастаған.

Ал, металлургия мен кен ісіне 2007 жылы “Казцинктің” Ақмола облысындағы алтын кені бөлімшесі – “Altyntau Kokshetau” АҚ сатып алулар және жабдықтау департаментінің директоры лауазымына кіріскен сәттен бастап араласты. 

2016 жылы «Кен ісі» мамандығы бойынша Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітіріп, сондай-ақ Швейцария бизнес мектебінің МБА дәрежесін алды.
2017 жылдан «Kazzinc Holdings» ЖШС бас директорының қаржылар жөніндегі орынбасары, 2021 жылғы маусым айынан бері «Казцинктің» қаржы жөніндегі атқарушы директоры болған.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар