Құрбан айт: тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу үшін не істеу керек?


ЖАҢАЛЫҚТАР 14-06-2024, 10:47 0


ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Құрбан айт мейрамы қарсаңында санитарлық тазалықты сақтау туралы нұсқаулық жариялады. Айтуларынша, мал сататын және соятын орындарда аса қауіпті жұқпалы аурулар тарауы, тамақтан улану жағдайы болуы мүмкін. Сонымен қандай талаптарды сақтаған абзал?


Мал сату, сою бекеттерінде:
- құрбандыққа шалынатын малдарды сату мен сою арнайы орындарда және әрбір жануарлардың тиісті ветеринарлық құжаттары (ветеринарлық паспорт, құлақ сырғалары) болған жағдайда ғана іске асырылуы тиіс;
- мал сою орындарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы (ауыз су, лас су жүйелерінің болуы), мал сою барысында шыққан қалдықтар уақтылы залалсыздандырылып, шығарылуы керек;
- қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі және медициналық кітапшаларының болуы, жеке бас гигиенасын сақтауы қажет.

Үйде:
- қонақтардың қол жууына жағдайдың болуы;
- тамақтану бөлмелерін желдету;
- шикізат пен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін куәландыратын тауардың құжаттамасы бар орындардан сатып алынуы;
- үй жағдайында дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу;
- ет, құс, жұмыртқадан тез бұзылатын тағамдар, сондай-ақ паштеттер, аспаздық өнімдер, кремі бар кондитерлік өнімдер, салаттарды дайындағаннан кейін бірден қолдану, сақтау талабы бұзылғанда пайдаланбау;
Қоғамдық тамақтану орындары мен мешіттерде:
- ауыз су, ыстық су, лас су жүйелерімен, түрлі деңгейдегі жұқпалы аурулардың алдын алу үшін келушілер мен персоналға арналған раковиналар, қол жуу, өңдеу, сүрту немесе кептіру құрылғыларымен және құралдармен жарақталуы;
- қоғамдық тамақтану өнімдерін дайындау үшін пайдаланылатын азық-түліктің, тамақ өнімдерінің және қосымша материалдардың әрбір партиясының қабылдау, сақтау, тасымалдауын қадағалау және қауіпсіздігін куәландыратын тауардың құжаттамасы бар орындардан сатып алынуы;
- үйде дайындалған консерві (салаттар, ет, құс, балық, саңырауқұлақ және т.б.) өнімдерін қоғамдық тамақтану орнында, мешіттерде пайдаланбау;
- тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауардың құжаттамасына өнімнің шығарылған уақыты мен күні, сақтау шарттары (температурасы, қажет етілген жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдығы), соңғы жарамдылық мерзімі көрсетілуі, олардың тоңазытқышта сақталуы;
- әр жұмыскердің жеке медициналық кітапшасының болуы;
- терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген, терісі сыдырылған, сондай-ақ тыныс алу жолдарының ауруы бар, инфекциялық аурулармен ауыратын және инфекциялық ауруларға күдікті адамдар жұмысқа жіберілмеу керектігін ұсына келе, жоғарыда аталған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаған жағдайда халық арасында улану, аса қауіпті, жұқпалы аурулар жағдайларының тіркелуіне себепкер болатынын еске саламыз.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив