Өскеменде жаңа жылу-электр орталығы салынатын болды. Қашан?

ЖАҢАЛЫҚТАР / Басты Бүгін, 11:41 0

Өткен жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының энергетика министрліктері арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында еліміздің үш қаласында ЖЭО қашан салынатыны айтылды.

Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша Көкшетаудағы жылу орталығы 2029 жылы, Өскемендегі орталық 2031 жылы, ал Семейдегі орталық 2032 жылы толық пайдалануға беріледі.

– Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында салынатын ЖЭО-лар бойынша биылғы 18-25 маусым аралығында Петербор экономикалық форумында талқылау болады, – Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты.

Оның айтуынша, қазір үш ЖЭО-ны салуға бюджеттен қанша қаражат жұмсалатыны құрылыс кезінде орнатылатын жабдықтарға байланысты айқындалады.

– Егер ресейлік жабдық болса, онда тиісті баға есептелген. Ал егер қытайлық жабдықтар пайдаланылса, сәйкесінше басқа баға шығуы мүмкін. Қазіргі кезде ресейлік және басқа да мердігерлер тарапынан нақты ұсыныс болмады, – деді министр.

Айта кетейік, еліміздің үш қаласында салынатын жылу электр орталықтары «Самұрық-Энерго» компаниясының теңгерімінде болатыны белгілі болған. 


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив